Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Ақпан, 2024

Абай облысында қатты аязда адасқан шопандар табылды

Абай облысында полицейлер қатты аязда адасқан шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 ақпан сағат 01.24-те “103” арнасының операторынан Абай облысының Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан шамамен 4 км қашықтықта екі ер адам көмек сұрағаны туралы өтініш келіп түсті.   Қоңырау шалушы әріптесімен бірге кешке қыстақтан Суықбұлақ ауылына шыққан. Жол бойында трактордың жанармайы қатып қалғанын және ер адам кері қайтайын десе, адасып кеткенін хабарлады. Кейбір жерлерде байланыс болмады. Жығылғанға жұдырық болып телефонның қуаты да таусылуға шақ қалған.
Далада кезіп жүрген ер адамдар шұғыл қызметтерге мезгіл-мезгіл қоңырау шалып, қатты қатып тоңғандарын хабарлады.   Жарма ауданының учаскелік полиция инспекторлары дереу көмекке шақырылды. 

139 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз