Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Ақпан, 2024

БҚО ТЖ департаментінің бастығы тағайындалды

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы болып азаматтық қорғау полковнигі Руслан Әмірзадаұлы Қасыбаев тағайындалды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Ерлан Нұрпейісов департаменттің жаңадан тағайындалған бастығын жеке құрамға таныстырды.

Руслан Қасыбаев Алматы қаласында дүниеге келген.

2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын аяқтаған. Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласында №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі қызметінен бастады.

Әр жылдары аға өрт сөндіруші, өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженер, бас маман, өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өрт сөндіру қызметінің бастығы, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы лауазымында болған.

139 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз