Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 24 Ақпан, 2024

Сиань кәсіпорындары Қазақстанда өз өнімін шығаруға мүдделі

Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Сиань өнеркәсіптік инвестициялық палатасының басшысы – партия комитетінің хатшысы Чаң Шэньмен кездесті, - деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

Сонымен қатар өндірістік топтың арнайы еркін экономикалық аймағында орналасқан өнеркәсіптер басшылығымен де кездесу өтті.

Тараптар Қазақстан өңірлері мен Сиань арасындағы әртарапты ынтымақтастық пен серіктестікті дамытумен және экономикалық жобаларды іске асырумен қатар жеке және орта бизнес деңгейінде жергілікті үкімет пен қаржы көздерінен көрсетілетін қолдау амалдарын талқылады.

Сұхбаттастар екі елдің ұқсас өнеркәсіп кәсіпорындары арасында іскерлік топтар өкілдерінің қатысуымен өзара делегациялар алмасу арқылы тікелей байланыстар орнату әлеуетін қарастырды. Сонымен қатар көп қабатты ғимараттар үшін лифт шығарушы және ұсақ микросхема чип өндіруші компаниялардың өндірісін Қазақстанда да ашу  мүмкіндігі талқылады. Өз кезегінде бірнеше өнеркәсіп басшылығы Қазақстан нарығында өз өнімдерін құрастырушы компаниялар ашуға ынтасын білдірді.

ҚР Бас консулы өнеркәсіп басшыларын Қазақстан Үкіметі тарапынан отандық өнімді қолдау бойынша жүргізіліп жатқан қадамдарымен таныстырды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ықпалдастықты нығайту мақсатында тығыз қарым-қатынастарды жалғастыруға және кәсіпкерлердің екіжақты сапарын ұйымдастыруға келісті.

811 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз