Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Наурыз, 2024

Жоғары білім беруді цифрландыру мәселелері талқыланды

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың басшылығымен жоғары оқу орындарының цифрландыру жөніндегі проректорларының қатысуымен кеңес өтті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде 2024 жылға арналған жоғары білім беруді цифрландырудың негізгі аспектілері талқыланды, «ЖЖОКБҰ-ның цифрлық ұлттық рейтингі» әдіснамасы ұсынылды. Сондай-ақ, «жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесі көрсетілді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ЖИ қолдану, цифрлық өнімдер, цифрлық деректер және т.б. сияқты негізгі блоктарды көрсете отырып, жоғары оқу орындарының цифрлық жетілуін айқындау жөніндегі стандарттың жобасын ұсынды.
Кеңес қорытындысында жоғары оқу орындарының проректорларымен күн тәртібі бойынша сұрақ-жауап форматында интерактив өткізілді.
Динара Щеглова заманауи талаптарға жауап беретін мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында цифрландырудың тиімділігін арттыру үшін осындай кездесулердің маңызды екендігін атап өтті.

128 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз