Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 07 Наурыз, 2024

Ақтаулық 500 оқушы мерекеге орай аналарға ән жолдады

Маңғыстау жаңалықтары Ақтаулық 500 оқушыдан құралған хор 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай барша аналарды ән арқылы құттықтады, - деп хабарлайды kazhazeta.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіме жасап.

Шараны Ақтау қалалық білім бөлімі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастырды. Хорға 4-5 сынып оқушылары қатысты. Олар «Анашым» әнін орындады.

- Бұл хор алғаш рет өнерін көрсетті. Оған №8, 14, 15, 23 жалпы білім беретін мектептің 500 оқушысы қатысты. Барша ардақты әжелерімізді, ақ жаулықты аналарымызды және аруларды мерекемен құттықтаймын!, - деді Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тоты Құлметенова.

195 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз