Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 08 Наурыз, 2024

Қарақияда көпбалалы аналар марапатталды

Қарақияда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жүрегі, татулықтың тірегі - Ана» атты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды kazgazeta.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Салтанатты шараға аудан әкімі Сымбат Төретаев қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

- Ардақты ақжаулықты аналар! Құрметті апа-қарындастар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл көктем – жер - ананың бусанып, дүрия дүниенің мейірімге шомылатын мейірбан мезгілі. Бұл күн – шуақты көктемнің ең ізгі мерекесі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерейлі күн. Өйткені, ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі және бар жақсылықтың бастауы. Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, әр отбасының қуанышы, ортақ Отанымыздың мерейі. Ана мен баланың бақытты да бақуатты өмірін қамтамасыз ету, олардың құқығын қорғау жөніндегі ел саясаты қашан да басымдыққа ие. Бұл жөнінде мемлекет басшысы да әр Жолдауында баса назар аударып келеді. нәзік жандыларға бақытты өмір тілеймін. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, мерейлеріңізді өсірсін,- деді аудан басшысы Сымбат Төретаев.

Құттықтау тілектен кейін, аудан басшысы ҚР Президентінің 2024 жылғы 19 ақпандағы №484 Жарлық бойынша наградталған көп балалы аналардың «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдары және орден кітапшаларын тапсырды.

Сонымен қатар, облыстың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін нәзік жандыларды облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты шара аудан өнерпаздарының дайындаған мерекелік бағдарламаға ұласып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

245 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз