Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 15 Наурыз, 2024

Бақты ауылын су басу қаупі туындады

Абай облысының Бақты ауылындағы жағдай бақылауда, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев көктемгі су тасқынының алдын алу іс-шараларының барысымен танысу үшін Мақаншы ауданы Бақты ауылына барды.
Сапар барысында аймақ басшысы үйлерін су басу қаупі төнген жергілікті тұрғындармен кездесті.
«Біз көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Басты мақсатымыз – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тұрғындарды және олардың мүлкін қорғау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын, сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ», - деп атап өтті облыс әкімі.

Естеріңізге салсақ, 9-10 наурызда еріген қар суының салдарынан Бақты ауылын су басу қаупі туындаған еді. Облыстың жергілікті атқарушы органдары мен ТЖД бірлескен жұмысының қызыл судың алдын алды.

297 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз