Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 15 Наурыз, 2024

Талғар қаласының шекарасы өзгереді

Алматы облысында орналасқан Талғар қаласының шекарасы өзгереді. Бұл өзгеріс туралы құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Талғар аудандық мәслихат пен әкімдіктің бірлескен ұсынысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты Талғар қаласының шекарасын өзгерту туралы шешім қабылдады.

«Талғар қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 853,1245 гектар Кеңдала және Алатау ауылдық округтерінің кейбір жерлерін қоса отырып өзгертілсін. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін», - делінген құжатта.

Бұған дейін Талғар қаласының бас жоспары бекітілген болатын. Оған сәйкес ауданның ұлғаюына байланысты Талғар қаласы, Кеңдала және Ақдала ауылдарының аумағы қысқарды.

186 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз