Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 20 Наурыз, 2024

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

ЮНЕСКО-ның бас пәтерінде Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің үйлестіруімен Наурыз мейрамын кеңінен атап өтетін он екі мемлекет көктемнің басты мерекесіне орай жыл сайынғы салтанатты іс-шарасын өткізді, -  деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле қатысты. Қатысушыларына ЮНЕСКО Бас конференциясының Президенті Симона-Мирела Микулеску және Ұйым Бас директорының Бірінші орынбасары Син Цюй құттықтау сөздерін арнады.

Ол бұл мерекенің ерекше көне мәдени дәстүрлері бар кең-байтақ өңірдің ортақ мұрасын айшықтай отырып, бүкіл адамзаттың игілігі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Он екі мемлекеттің атынан сөз алған Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов Наурыз мейрамы діни, этникалық немесе тілдік айырмашылықтарға қарамастан, бейбітшіл оң пиғылдағы, ізгі ниет адамдарын ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретінін атап өтті.

«Бүкіл әлемде Наурыз табиғаттың ғана емес, жан-жүректеріміздің да қайта жаңғыруын әкеледі, бұл күншуақтың аязды, жарықтың қараңғыны, үміт пен махаббаттың сенімсіздік пен өшпенділікті түбінде міндетті түрде жеңетінін айшықтайды», – деп атап өтті отандық дипломат.

Жиналғандардың көбі биыл Наурыздың мұсылмандар үшін қасиетті Ораза айымен бір мезгілге түскеніне назар аударып, бұл әралуан мәдени және рухани дәстүрлер, сыйластық пен ынтымақтастық құндылықтарының өзара ықпалы мен үйлесімін көрсететінін айтты.

Наурызды мерекелеуге ЮНЕСКО басшылығы, оған мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, Хатшылығының қызметкерлері, Ұйымның Атқарушы кеңесінің 219-шы сессиясының делегаттары және мейрамды кеңінен атап өтетін елдер диаспораларының өкілдері қатысты.

Іс-шараның мазмұнды концерттік бағдарламасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солисттері Перизат Тұрарова (домбыра, вокал) және Әйгерім Елемесова (жетіген) орындауындағы Ұлы даланың дәстүрлі музыкасының бірегей туындылары өз тыңдармарын тапты.

Қонақтарға ұйымдастырушы елдердің мерекелік ұлттық тағамдары, соның ішінде қазақи дастарханның дәмі де ұсынылды.

Биыл желтоқсанда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитеті өзінің Парагвайдағы Асунсьон қаласында өтетін кезекті сессиясында 13 мемлекеттің, атап өткенде Ауғанстан, Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Үндістан және сол жақтағы этникалық қазақтардың Наурызды ауқымды мерекелеуін ескере отырып Моңғолияның да атынан Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізу үшін жаңартылған «Наурыз» номинациясын рәсімдеуді жоспарлап отыр.

361 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз