- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 21 Наурыз, 2024
Алматыда «Наурыз - береке бастауы» атты мерекелік концерт өтуде
Алматыдағы «Астана» алаңында «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік концерт өтіп жатыр. Шарада театр әртістері, эстрада жұлдыздары және аспаптық ансамбльдер өнер көрсетеді.
Мерекелік шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
"Әділетті мемлекет-бұл заң мен тәртіп үстемдігі. Озық мемлекет болу үшін бәріміз жарқын тек болашаққа сеніммен қарауымыз керек. Біздің үмітіміз-жастар. Қазақстанның келешегі Сіздердің қолдарыңызда! Белсенді, санасы сергек, ойы ұшқыр, адал, көзі ашық жастарға біз әрдайым қолдау көрсетеміз.
Қымбатты Алматылық ағайын! Алматы - егемендігіміздің алтын бесігі. Сонымен бірге, еліміздің рухани, ғылыми және экономикалық орталығы. Алматы - бүкіл Қазақстанның өркендеуіне зор ықпал етеді. Сондықтан, мен Алматының дамуын, қала тұрғындарының тыныс-тіршілігін айрықша назарда ұстаймын. Әсем Алматымыз болашақта бұдан да көркейе беретініне сенемін", - деп атап өтті ел Президенті.
Сондай-ақ, Президент Алматылықтарды және барша Қазазқстандықтарды көктем мерекесі-Наурыз мейрамымен құттықтады.
Шара аясында түрлі жәрмеңке, көрмелер де ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек Алматы көшелерімен 1000-ға жуық адамның қатысуымен театрландырылған керуен жүріп өтті.
652 рет
көрсетілді0
пікір