Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 25 Наурыз, 2024

Кипрмен әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құрылды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.А. Нұртілеу Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбос мырзамен ресми кездесуі аясында 2024 жылғы 25 наурызда екі елдің авиациялық биліктері дайындаған әуе қатынасы мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Өзара түсіністік туралы меморандум әр тараптың тағайындалған тасымалдаушылары аптасына 7 рейске дейін орындау құқығын көздейді. Сондай-ақ, әр тараптан тасымалдаушылардың бірнеше тағайындалуы қарастырылған.
Меморандумға сәйкес қазақстандық әуе компаниялары Кипр Республикасы аумағындағы – Ларнака және Пафос қалаларына, Кипр әуе компаниялары Қазақстан Республикасының аумағындағы - Астана және Алматы қалаларына тасымалдауды орындауға құқылы.
Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою екі ел арасындағы экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

800 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз