Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 26 Наурыз, 2024

Ольга Довгун: «Тағы 2 лицензия алуды жоспарлап отырмыз»

11-20 сәуір аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында нысана көздеуден шешуші лицензиялық Әлем Кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бәсеке қарсаңында мергендер Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Азия ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы, Ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун Әлем Кубогына дайындық пен жоспар жайлы айтып өтті.

«Жарысқа барлығы 10 спортшы барады. Қазір Шымкентте дайындықты пысықтап жатырмыз. Мұндағы мақсат - Ұлттық құрама спортшыларының шеберлігін шыңдау. Олимпиада ойындарына тағы 2 лицензия алуды жоспарлап отырмыз. Оны келе жатқан Әлем Кубогында жүзеге асыруға тырысамыз. Бұл оңай болмайтыны анық. Жолдама ала алмаған мықты мергендердің бәрі Бразилияда бақ сынайды. Соған қарамастан біз бәсекеге дайын болуымыз қажет»,-деді бас бапкер.

511 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз