- Безбен
- 27 Наурыз, 2024
ЕАЭО елдері өз кәсіпорындары арасындағы кооперациялық байланысты кеңейтеді
ЕАЭО елдері өз кәсіпорындары арасындағы кооперациялық байланысты кеңейтеді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.
Мәжіліс 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларын іске асыруына қаржылық көмек көрсету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
Хаттама 2023 жылғы 25 мамырда Мәскеуде жасалды. Оны ратификациялау ЕАЭО-ның толық форматты интеграциялық бірлестік ретінде жан-жақты дамуы мен нығаюын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ЕАЭО елдерінің кәсіпорындары арасындағы кооперациялық байланыстар кеңейіп, бірлесіп өндіретін өнімдердің шығарылымы ұлғаяды, қосымша жұмыс орындары ашылады, өзара инвестиция көлемі артады деп күтіліп отыр.
207 рет
көрсетілді0
пікір