Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Наурыз, 2024

Астанада аялдаманы зақымдаған ер адам залалды өтеді

Елордалық полицейлер вандализм актілерімен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Тағы бір вандал жауапқа тартылды. Ер адам мас күйінде аялдаманың кіреберіс есігінің әйнегін сындырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
28 қаңтарда сағат 02:00-де мас күйінде астаналық аялдаманың кіреберіс есігінің әйнегін қасақана қолымен ұрып, сындырды.
Cодан кейін ол залалды өтеуге мәжбүр болды. Полиция 30 жастағы бұзушының жеке басын анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен оған 20 АЕК (73 840 теңге) сомасына әкімшілік айыппұл салынды.
Биылғы наурыз айының басынан бері соттар мүлікті бүлдіргені, қоғамдық орындарды қорлағаны үшін 8 азамат жауапқа тартылды, жалпы сомасы 546 мың теңгеге 9 іс қаралды.
«Тоқта, вандал» акциясы аясында Астанада күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Акцияға еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қосылды.
Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

156 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз