Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Наурыз, 2024

«Абай-Верн» шәкіртақылық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланады

«Абай-Верн» шәкіртақылық бағдарламасы – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы бірлескен бағдарлама.

Бұл Бағдарлама шеңберінде мамандық таңдауға шектеусіз қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын екінші оқу жылындағы магистранттар үшін 45 шәкіртақы және диссертациялық жұмысын бірлескен ғылыми жетекшілік негізінде жүзеге асыруды көздеген докторанттар үшін 5 шәкіртақы ұсынылады.   

Магистратураға шәкіртақы алуға конкурсқа қатысу шарттары:   

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • жас шамасы шектеусіз;
  • 2024-2025 оқу жылына қазақстандық ЖОО магистратурасының 2-ші курсына тіркелу;
  • Францияның ЖОО-на Master 1 немесе Master 2 бағдарламасы бойынша- қабылданғаны жөнінде шақыру немесе растау хаттың болуы;
  • басымдық қос диплом бағдарламалары бойынша білім алушыларға беріледі.

Докторантураға шәкіртақы алуға конкурсқа қатысу шарттары:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • жас шамасы шектеусіз;
  • 2024-2025 оқу жылына диссертацияны бірлескен ғылыми жетекшілікпен даярлауды көздейтін қазақстандық ЖОО докторантурасының 1-ші курсына тіркелу;
  • Францияның ЖОО-на докторантураның 1-ші курсына қабылданғаны жөнінде шақыру немесе растау хаттың болуы;

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2024 жылғы 12 мамыр, жексенбі.

Фото: gov.kz

157 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз