Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Наурыз, 2024

Қорғаныс министрлігінің әскери ұшқыштары апатты аймақтан 100 аса адамды эвакуациялады

Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қостанай, Абай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жергілікті тұрғындарына Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері көмекке жетті. 

Іс-шараларға Ми-171Ш, Ми-17 және Ми-8 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары кірісті.

Қостанай облысында әскерилер Қызылжұлдыз, Екідін елді мекендерінде және жақын маңдағы су басқан қыстақтардан 102 адамды, оның ішінде 32 баланы эвакуациялады. Зардап шеккен азаматтар Арқалық қаласына жеткізіліп, онда оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Ұшу аралығы 130-150 шақырымды құрайды. Қараңғы кезде ұшу түнгі көру құрылғысы арқылы жүзеге асырылуда.

Тікұшақтарды ұшқыштар – полковниктер Қайрат Түгелов, Владимир Семенов, подполковник Миршат Сағындықов, майор Асхат Сейілов және аға лейтенант Ерсін Жұманов басқарады. Ондағы борт жүйелерінің жарамдылығын капитандар Владимир Литовченко мен Асхат Ізмағамбетов бақылайды. 

Абай облысындағы іздеу іс-шараларына майор Ерлан Шынәлиев, лейтенант Ұлан Кеңесбаев және борт инженері капитан Сергей Грибановтың басқаруымен Ми-17 тікұшағының экипажы жұмылдырылды. Олар Борлы өзенінің бойында, Аягөз қаласының батысында жоғалған тұрғындарды іздестіруде. 

Ақтөбе қаласынан Оралға құтқару жұмыстарын жүргізу үшін полковник Амангелді Мақышев, құрамында майорлар Бейбарыс Ыбыраев пен Рүстем Жайлыбаев бар Ми-8 тікұшақтарының экипаждары ұшып кетті. Әскери ұшқыштардың ұшу тапсырмасы – су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарды іздеу және оларды көшіру. Ұшқыштар күрделі ауа-райында 400 шақырым қашықтықты еңсеруі керек.

Фото: gov.kz

146 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз