Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Наурыз, 2024

Прокуратура мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғады

Елорда әкімдігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС басқарушы компаниясына бере отырып, ақылы автомобиль тұрақтары үшін орындар белгіленген.

Бұл ретте мұндай тұрақтарда мүгедектерге тіркелген көлік құралдарын тегін орналастыру көзделген.

Көлік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту техникалық құралдардың («Күзет-М») көмегімен автоматты режимде жүзеге асырылып, мүгедектерді көзделген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігінен айырғаны талдаумен анықталды.

Анықтама үшін: паркоматпен жабдықталған тұрақ үшін төлеуден жалтарған кезде 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған (ӘҚБтК 597-бабының 4-1-бөлігі).

Нұра ауданы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша аталған санаттағы 40 заңсыз әкімшілік материалдардың күші жойылды.

Елордада тұратын мүгедектерге тіркелген автокөлік құралдарын анықтауға бағытталған жұмыс жүргізілді.

Халықтың арнаулы топтарының құқықтарын қорғау және өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында Нұра ауданының прокуратурасы бала кезінен мүгедектерге және I, II топтағы мүгедектерге тіркелген 4 636 көлік құралын анықтап, «Жеңілдіктер тізіліміне» енгізді.

Осылайша, аталған санаттағы азаматтар тиісті жол белгілерімен белгіленген орындарда тұрақ үшін ақы төлеуден, сондай-ақ оларға автоматты режимде әкімшілік айыппұл салудан   босатылды.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдарының басым міндеті болып табылады.

97 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз