Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 28 Наурыз, 2024

Жарма ауданында 12 аула аумақтары су астында қалды

Абай облысының Жарма ауданында қардың қарқынды еруі нәтижесінде еріген су даладан келіп Үшбиік ауылындағы екі шеткі көше су астында қалды, - деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Барлығы 12 аула аумақтары су астында қалды, оның ішінде 9 пәтерге су кірді. Су басқан 9 пәтердің 4-і тұрғын жайлар емес.
Су басқан үйлердің тұрғындары өздіктерінен эвакуацияланып, туыстарының үйлеріне орналасқан
ЖАО күшімен 15 адам және 5 бірлік техника еріген суды бұру бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта су деңгейінің 40 см-ге төмендеуі байқалады, сондай-ақ 4 пәтерден еріген су шығарылды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Оқиға орнында Абай облысының ТЖД күштері мен құралдарынан
54 адам, 9 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 4 мотопомпасы, Полиция департаментінің жеке құрамнан 10 адам және 4 бірлік техника жұмыс атқаруда.

187 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз