Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Наурыз, 2024

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін "Күшіміз -бірлікте" акциясы бастау алды

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін "Күшіміз - бірлікте" акциясы бастау алды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Еліміздің бірнеше өңірінде табиғи апат қаупі күшейіп, су тасқыны басталғаны туралы айтқан министр оның зардабын жойып, күшеюіне жол бермеу үшін жұмыс күші жетіспейтінін атап өтті.
Осы ретте қазақстандық еріктілер және көптеген отандастарымыз су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқанын айта келе, Аида Ғалымқызы министрлікте жедел жиын өткізіліп, азаматтық қоғамның игі бастамаларына қолдау көрсету мәселесі талқыланғанына тоқталды.
"Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Күшіміз бірлікте» акциясын бастау туралы шешім қабылданды.
Жұмысты менің орынбасарым Евгений Кочетов үйлестіреді.
Қазірдің өзінде ерікті фронт-офистер желісі негізінде зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келетіндер үшін бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Байланыс нөмірі: +7 708 706 42 42.
Көмек беруге ниетті немесе көмек алғысы келген кез келген азамат осы нөмірге хабарласа алады.
Ұйымдастырушылық тұрғыдан немесе өзге де қолдау көрсеткісі келетін үкіметтік емес ұйымдар Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына мына телефон арқылы хабарласа алады:
+ 7 705 247 47 22", - деп жазды министр.

204 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз