Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 28 Наурыз, 2024

Қазақстан мен Тәжікстанның қорғаныс министрлері екіжақты кездесу өткізді

Астанаға Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзоның басшылығымен әскери делегация келді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz

Тәжікстан қорғаныс ведомствосының басшысы алдымен құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Тәжікстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзоның кездесуі өтті. 

Тараптар кеңейтілген форматта екі елдің әскери саладағы қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйін талқылады.

Сапар бағдарламасында делегацияның ҚР Ұлттық қорғаныс университетіне, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларындағы Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына баруы көзделген.

512 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз