Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Наурыз, 2024

Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарындағы апаттан құтқару жұмыстарына әскери қызметшілер жұмылды

Армия авиациясының экипаждары жергілікті халықты апатты аймақтан әкетуді жүзеге асыруда. Ақтөбе қаласында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жеке құрамы мен курсанттары су тасқыны салдарын жоюға кірісті. 

Таңертеңнен бері су басқан аймақтарда екі ұшу экипажы жұмыс істеп жүр. 

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоржын ауылының маңындағы жолды су басқан. Сондықтан адамдарды әуе көлігімен ғана әкете алады. Қазіргі уақытта Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақтарымен 90-нан астам адам эвакуацияланды.  

Ақтөбеде күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынға байланысты каналдағы су деңгейі едәуір көтеріліп, қала көшелеріне жайылды.  

Облыс орталығында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының әскери қызметшілері мен курсанттары ағын суды бөгеп, арнасын бұру жұмыстарын іске асырып жатыр.

Апаттан құтқару жұмыстары жалғасуда.

127 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз