- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Наурыз, 2024
Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда
ТЖМ және ЖАО-ның күшімен 1,7 млн. астам текше метр еріген су сорылды, 82 мыңнан астам қап және 20 183 тонна инертті материал төселді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, тартылған ұйымдардың күштері мен құралдары: жеке құрамынан 6 200-ден астам адам, 1600-ге жуық бірлік техника, 630-ге жуық бірлік су айдау және жүзу құралы, ТЖМ, ҚМ, ҰҚК 6 әуе кемесі жұмылдырылды.
Жұмылдырылған күштер мен құралдар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарындағы 313 жеке тұрғын үйден, сондай-ақ Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан облыстарындағы 369 аула аумағынан, Ақтөбе облысының 10 саяжай үйлерінен су сору жұмыстары жүргізуде.
Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының су басқан елді мекендерінен 2 054 адам эвакуацияланды, оның ішінде 613 бала. Оның 960-ы Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендерінің тұрғындары уақытша орналастыру пункттерінде қалады. Сонымен қатар әуе кемелерімен 321 адам, оның ішінде 97 бала эвакуацияланды.
Республикалық және облыстық жедел штабтар, сондай-ақ «Жедел желі» телефондары жұмысын жалғастыруда: ТЖМ 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы ТЖД 8 711 2 55 40 88, Қостанай облысы ТЖД 8 714 2 50 19 60, Ақмола облысы ТЖД 8 716 2 52 55 14. Өткен тәулікте 264 қоңырау түсті.
Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.
Фото: ашық дереккөз
161 рет
көрсетілді0
пікір