Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Наурыз, 2024

Алматыны шаңды дауыл басып, нөсер жауын жауды

Алматыда кенеттен шаңды дауыл болып, нөсер жауын жауды.

Қала тұрғындары шаңды дауылды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратты. Тұтқиылдан соққан қатты дауыл қаланы әп-сәтте әбігерге салды. Даланы қараңғылық басып, бұршақ аралас нөсер жауын жауды. Тіпті тоқтаусыз найзағай ойнаумен болды.

ТЖ департаменті күшейтілген режимге, жоғары дайындық жағдайына көшті, деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде 29 наурызда түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтілетінін мәлім етті.

Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстіктен, облыстың оңтүстігінде батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Фото: Досжан Балабекұлы

154 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз