Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Наурыз, 2024

Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Азамат Бекет хабарлады.

«Су тасқыны - табиғи құбылыс. Оны тежеу оңай болмай жатқаны рас. Ақтөбе су қоймасында болған судың көлемі бір тәуліктің ішінде 150 миллион текше метрге көбейді. Су қоймасы мұндай көлемді суды сыйғыза алмайды. Яғни, қалаға түгел қауіп төніп тұр. Сондықтан, біз суды жіберіп отыруға мәжбүрміз. Елек өзенінің бойында орналасқан және Қарғалы өзенінің Кірпішті көпіріне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуацияға келісім беріп, үйлеріңізді босатуларыңызды сұраймын. Біз үшін сіздердің өмірлеріңіз өте маңызды. Өздеріңіз білесіздер наурыздың 26-сы күні қала аумағында күннің күрт жылынуына байланысты дала сулары көтерілді. Бірнеше тұрғын алаптар мен бау-бақша ұжымдарына қауіп төнді. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек беріледі. Ешкім назардан тыс қалмайды. Тағы да айтарым, сіздердің өмірлеріңіз біз үшін маңызды! Су тасқынымен күреске көмектесіп жүрген тұрғындарға рахмет. Осы қиын жағдайда сіздерді бірлікке шақырамын!» - деді әкім.

Жалпы 73 үйге су алған. 155 адам эвакуацияланды.

148 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз