Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Наурыз, 2024

Ақтөбе облысында су тасқынымен күресушілерге 1000-нан астам арнайы киім тегін тігілді

Ақтөбе облысында су тасқынымен күресушілер үшін 1000-нан астам арнайы киім жиынтығы тегін тігілді, - деп хабарлайды Ақтөбе облысының баспасөз қызметі.
«ГЛОБАЛ-Спецодежда» тігін кәсіпорнының шеберлері Ақтөбе облысында күндіз-түні су тасқынымен күресушілерге 1057 бірлік арнайы киім тіккен. Ыңғайлы және жылы киім жиынтықтары Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының құтқарушылары мен еріктілеріне тегін таратылды.
«Көктемгі су тасқыны біздің аймақтың тұрғындарын әбігерге салды. Біз осындай қолайсыз ауа-райында еңбектеніп, тұрғындарға көмектесіп жатқан жандарға өз үлесімізді қосқымыз келді. Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - деді кәсіпорын басшысы Надежда Шабаева.
Айта кетейік, «ГЛОБАЛ-Спецодежда» қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде де белсенділік танытуда.

Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

155 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз