Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Наурыз, 2024

Әйтеке би ауданында төтенше жағдай жарияланды

Әйтеке би ауданында төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақтөбе облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйтеке би ауданы аумағында су тасу қауіпі орын алуына байланысты, 29 наурыздан бастап, жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Бұл туралы аудан әкімі Д.Тоғызбаев мәлімдеді.
Төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданып, қазіргі кезеңде аталған шешімге сәйкес төтенше жағдайды жоюға бағытталған тиісті іс-шаралар жүргізілуде.
Аудан басшысы Дәулетияр Тоғызбаев тұрғындарды осы сын сағатта түсіністік пен бірлікке шақырады.

280 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз