Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 02 Сәуір, 2024

Қазақстанда 67 мыңнан аса дене шынықтыру қызметкері және 15 мың жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда елімізде дене шынықтыру және спорт сабақтарын 67 755 штаттық қызметкер өткізеді. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 1 433 адамға көп.
Ауылдық жерлерде 31 329 дене шынықтыру қызметкері жұмыс істейді (2022 жылы – 29 796 адам).
Бұған дейінгі есепті кезеңдегі деректерге сәйкес, кей өңірлерде штаттық қызметкерлердің саны артқаны байқалады. Дене шынықтыру саласының штаттық қызметкерлерінің саны артуы бойынша Алматы (+595), Атырау (+222), Жетісу (+129) және Павлодар облыстары (+112) көш бастап келеді.

Республика бойынша 10 мыңнан аса жалпы білім беру ұйымдары бар, онда 32 мыңнан астам дене шынықтыру саласының оқытушы-мұғалімдері еңбек етеді. Оның ішінде ауылды жерлерде 19 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, білім беру және спорт мекемелерінде спорт бағытын дамыту үшін 15 мыңнан аса жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде ауылда 5 мыңнан аса жаттықтырушы шәкірттерін тәрбиелеуге, оқытуға және шеберліктерін шыңдауға, функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған оқу-жаттығу жұмысын жүргізіп, спортшыларды жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады.
Сонымен қатар бұған дейінгі есепті кезеңмен салыстырғанда жаттықтырушы-оқытушылар саны 321 адамға артқан. 2023 жылы 13 өңірде оң динамика тіркелген. Атап айтқанда, ең үлкен өсім Алматы (+318), Атырау (+142) және Жетісу облыстарында (+122) байқалады.
«Қазіргі қоғамда бұқаралық спортты дамыту басты міндеттердің бірі. Дені сау ұлтты қалыптастыру үшін спорт инфрақұрылымын дамытып қана қоймай, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету арқылы спорттың қолжетімділігін арттыру қажет. Жоғары жетістіктер спортының барлық нәтижесі бұқаралық және балалар спортының дамуына тікелей байланысты. Біз дене шынықтыруды насихаттау, сондай-ақ спорттың қолжетімділігін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарып жатырмыз, жақын арада бұл жұмыс қарқынды түрде жалғасатын болады», - деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев.

395 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз