Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Сәуір, 2024

Ермек Маржықпаев Олимпиадалық даярлау орталығының жұмысымен танысты

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Олимпиадалық даярлау орталығының жұмысымен танысып, спортшылармен, жаттықтырушылар штабымен кездесті.

Министр ең алдымен Юрий Мельниченко және Беласар Пернебектің жетекшілігімен жаттығып жатқан грек-рим мен еркін күрес шеберлерінің жаттығуына қатысты.

«Біздің білекті палуандарымыз жуырда ғана мәресіне жеткен халықаралық бәсекеде тәуір өнер көрсетіп, Париж Олимпиадасының еркін күрестен – 3, грек-рим күресінен 4 лицензиясын жеңіп алды. Енді палуандар үшін қазір өте маңызды кезең. Өйткені төрт жылдықтың басты додасына жақсы дайындықпен баруға тиіс», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар Ермек Маржықпаев барлық жаттықтырушы мен медициналық персоналдың басты міндеті – спортшыларды Олимпиадаға физикалық және психологиялық тұрғыда сапалы дайындау қажет екенін айтты.

Палуандардың жаттығуынан кейін министр семсерлесуден Грузиядағы Әлем кубогінде жеңімпаз атанған спортшыларды құттықтап, естелік сыйлық табыс етті. Министрдің қолынан Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сертай, Вадим Чарлаймо алғыс хаттар алды.

Естеріңізге сала кетейік, семсерлесуден ерлер құрамасы Грузиядағы Әлем кубогінде тарихи нәтижеге қол жеткізген болатын. Турнир қорытындысы бойынша 3 отандасымыз жекелей сайыста Олимпиада жүлдесіне таласуға мүмкіндік алған-ды.

478 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз