Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 04 Сәуір, 2024

Министр ғылыми тағылымдама аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Оңтүстік Кореяда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің (SEOULTECH) президенті Дон Хван Кимнің кездесуі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы жоғары білім және ғылым саласында болып жатқан оң өзгерістерді талқылады. Атап айтқанда, министр Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының сәтті ашылып жатқаны және Қазақстанды Орталық Азиядағы академиялық хаб ретінде дамыту бойынша жүргізіліп жатқан саясат туралы хабардар етті. Өз кезегінде университет президенті Дон Хван Ким SEOULTECH-ті әлемнің үздік университеттерінің тізіміне енгізу жоспарларымен бөлісті.

Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек Қазақстанда SEOULTECH филиалын ашудың артықшылықтарына назар аударды. Мәселен, Қазақстанның стратегиялық жағдайы, елдер арасындағы түрлі салалардағы бірқатар ұзақ мерзімді әріптестіктер, корей жоғары оқу орындарының басқа да филиалдарын ашу тәжірибесі, пайдалы қазбалар мен биотехнология, ғарыш саласында бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндігі, олар бойынша Қазақстанның жинақталған базасы және табиғи минералдар мен жер қойнауының үлкен қоры бар. Министрдің пікірінше, мұның бәрі өзекті бірлескен зерттеулер жүргізуге ғана емес, сонымен қатар әлемдік ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосуға көмектеседі.

Сондай-ақ тараптар «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Тараптар қос дипломдық бағдарламадан бастауға келісті.

Фото: ашық дереккөз

204 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз