Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 06 Сәуір, 2024

Су тасқынымен күресу үшін Атырау облысына ҚТЖ арнайы пойыздары жөнелтілді

Су тасқынымен күресу үшін Атырау облысына ҚТЖ арнайы пойыздары жөнелтілді, - деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
Су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілген Құлсары станциясына Мақат және Бейнеу станцияларынан өрт сөндіру және шайып кетуге қарсы пойыздары жіберілді. Олар кесек тастармен, рельсті пакеттермен, шпалдармен жабдықталған. Басты міндеті – су басқан ауданнан еріген суды сорып алу.
Еліміз бойынша барлығы толық жасақталған және кез келген уақытта 45 шайып кетуге қарсы пойыз су басқан жерге шығуға дайын. Штаттан тыс жағдайларға дереу ден қою үшін 47 өрт сөндіру пойызы кезекшілік етеді.
Су басқан аудандардан халықты теміржол арқылы эвакуациялау жалғасуда. 6 сәуір сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Атырау облысында темір жол көлігімен 2320 жолаушы тасымалданды.

326 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз