Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Сәуір, 2024

7 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ағымдағы ақпарат:

2024 жылғы 8 сәуірдегі сағат 07:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3206 метр болатын су тасқыны орын алды.

7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында (ұзындығы 679 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмылдырылған.

127 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз