- Безбен
- 08 Сәуір, 2024
Президент су тасқынынан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды

Мемлекет басшысы бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Министр өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады.
Былтыр 157 мың тұрғын үй салынған. Биыл 172 мың тұрғын үй салу көзделіп отыр. Сондай-ақ жалға берілетін 22 мың тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттен 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Қазіргі уақытта су басқан өңірлерде жаңа тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың құнын бекіту жұмыстары аяқталып келеді.
Фото: дереккөзден алынды

456 рет
көрсетілді0
пікір