Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Сәуір, 2024

Биыл облыста 6 мектеп салу жоспарланған

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облысымызда 2025 жылға дейін 5700 оқушыға арналған 11 мектеп салу жоспарланған. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлайды.

2024 жылы Семей қаласының Ақсай кентінде 600 орындық, Восточный (оң) кентінде 300 орындық, Қарағайлы ауданында 900 орындық, Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде 300 орындық, Ақсуат ауданының Екпін ауылында 300 орындық, Жарма ауданының Қалбатау ауылында 300 орындық 6 мектептің құрылысы жоспарланған.

10 мектепті жылумен қамтамасыз ету үшін жеке қазандықтарды пайдалану көзделіп отыр: 1 мектеп газ қазандығымен жабдықталады, ал 9 мектепте қатты отын қазандықтарын пайдалану жоспарлануда. Бір мектеп орталық жылумен жүйесіне қосылады.

Құрылыс барысы үнемі бақылауда. Осы мақсаттар үшін арнайы бақылау камералары да қолданылады. Білім беру мекемелерінің құрылысын кестеге сәйкес аяқтау жоспарлануда.

6 жаңа мектеп бойынша 2024 жылдың сәуір айында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ құрылыс бойынша кешенді жұмыстарға конкурс өткізеді. Аталған мектептерді іске қосу 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне, тиісті бөлімдер мен басқармаларға құрылысты сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Еске салар болсақ, облысымызда 2023 жылы 5 мектептің құрылысы басталған болатын. Олардың қатарында Семей қаласының Қарағайлы тұрғын ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық, Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында 300 орындық, Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында 300 орындық, Аягөз қаласының ет комбинаты шағын ауданында 600 орындық білім мекемелері бар.

Фото: дереккөзден алынды

250 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз