Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Сәуір, 2024

Алматылық құтқарушылар су басқан Қостанай өңіріне көмекке аттанды

Алматылық құтқарушылар су басқан Қостанай өңіріне көмекке аттанды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты 56 қызметкерден құралған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының жедел тобы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін Ұлттық ұланның авиабортымен ұшып кетті.
Авиабортқа су сору құралдарын, қажетті авариялық-құтқару жабдықтарын, арнайы су өткізбейтін костюмдерді,  байланыс құралдары мен жүзу құралдарын тиеу жұмыстары жүзеге асырылды.

187 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз