Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 09 Сәуір, 2024

Құтқарушы-психологтар эвакуацияланған адамдарға көмектесуде

Атырау облысының құтқарушылары су тасқынымен күресіп қана қоймай, тұрғындарға психологиялық көмек көрсетуде. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан құралған топ соның ішінде  Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінінің психологиялық қызмет тобы эвакуациялық пункттарды аралау жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жағдайда психологиялық көмек адамдарға өз жағдайын жеткізуге көмектесу, оларды тыңдауға мүмкіндік беру және дер кезінде ақпараттық көмек көрсете білу үшін жүргізіледі.

Фото: gov.kz

134 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз