Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 09 Сәуір, 2024

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылады

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.

Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалаларда тұратын мүгедектігі бар азаматтарға 2024 жылғы II тоқсанда қайта куәландыруға тиіс келесі қызметтер автоматты түрде ұзартылатын болады: мүгедектік мерзімдері, жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі және оңалтудың жеке бағдарламалары. Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады.   

Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізуде.

Автоматты түрде ұзарту су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдауды уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген тиісті түзетулермен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15009752 сілтемесі арқылы танысуға болады.

130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз