Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 09 Сәуір, 2024

Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі аумағына гүлдер отырғызылды

Көрнекті мәдениет қайраткерлері ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының музей-үйі аумағына гүлдер отырғызды. 

Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет, әнші әрі композитор Қадырғали Көбентай, «Ұлт ұстазы» телехикаясында Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдаған танымал актер Байғали Есенәлі және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне іргелес аумаққа гүл екті. Олар музей ұжымымен бірге бұл жобаның қала «өмірі» үшін маңызды екенін айтты.

Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен «Ахметтану» оқу орталығында тағылымдамадан өтіп жатқан мектеп оқушылары да  қатысты.

8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады

182 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз