Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Сәуір, 2024

Су тасқыны: 6 облыста көлік қозғалысы шектелді

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ағымдағы ақпарат:

2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3655 метр болатын су тасқыны орын алды.

6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында (ұзындығы 626 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам жұмылдырылған.

197 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз