Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Сәуір, 2024

"Ол әрбір хабарлама, әр қоңырауды бақылайды". Салтанаттың құрбысымен жазған хаттары оқылды

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенова мен оның құрбысы Аида Ахмединаның жазысқан хаттары оқылды. Сондай-ақ, Салтанаттың бұрынғы көмекшісі Анара Тасова да куәлік берді.

Сотта Нүкенова мен оның жақын құрбысы Аида Ахмединаның WhatsApp арқылы 19 сәуірдегі жазысқан хаттары көпшілік назарына ұсынылды.

Салтанат Нүкенова онда құрбысына Қуандық Бишімбаевта өзінің жалаңаш түскен видеосы бар екенін, оған күйеуі мәжбүрлегені туралы айтады. Бишімбаев бұл видеоны оның туыстарына қарсы куәлік ету үшін түсірткен. Бишімбаев Нүкенованың соққыға жығылған суретері оның ағасы Айтымда  бар екенін алға тартып, олар одан ақша бопсалайды деп күдіктенген.

"Ол өзін ешкім бопсаламайтыны туралы кепіл болуы үшін менің жалаңаш видео түсіруімді сұрады, . Білесің бе, мен оған: "Сен құбыжықсың!" дедім. Бірақ мені видеосыз жібермейтінін білдім", - деп жазған марқұм құрбысына.

Одан кейін Салтанат құрбысына жолдасынан қысым көретінін, бұндай қарым-қатынастан шаршағанын жазады.

"Ол әр қадам, әрбір хабарлама, әр қоңырауды бақылайды. Мен телефонды артық қарай алмаймын, өшіруді ұмытып кетемін бе деп қорқамын. Тіпті қарапайым нәрсе де, ол ешқандай себепсіз ашуланып кетеді. Айқай, жамандау, қорлау. Мен шаршадым, жанжал болмас үшін үнемі үндемей, сылтау айтамын. Менің жүйкем шыдамайды, бәрі ол ашуланбаса болды деп. Иә, ол көзсіз сүйеді. Бұл махаббат емес. Мен қазір осыны зерттеп жатырмын, сол үшін Павлодарға қашып кеттім. Жалпы, жағдайым осы. Ары қарай не болатынын білмеймін. Кейде оған жаным ашиды, осы аяушылықпен ғана жүрдім. Сосын келген соң Павлодарға кел. Бұл желтоқсанда немесе қаңтарда, Алматыда екінші рет болды, сол кезде заттарымды алып кеткім келіп, Маринаға жаздым. Ол шашымды жұлды. Бұлай бірнеше рет болды. Ол бірнеше рет шашымнан ұстап, айқайлады. Шашым уыстап түсті. Сосын қойды. Мен кете берегесін, ол қол көтеруді тоқтатты. Психологпен жұмыс та көмектескенді-міс. Осы оқиғалардан кейін мен біреуге бірдеңе жазуға, ол туралы немесе біздің қарым-қатынасымыз туралы сөйлесуге қорқамын. Аида, анама, Аселкаға да айтпа, әсіресе қыздарға да, ешкімге, өтінемін", - делінген Нүкенованың хатында.

 

151 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз