Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Сәуір, 2024

Yessenov University Құлсарылықтарды жатақханаларына орналастырды

    Есенов университетінің студенттері мен ұжымы көршілес өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларына белсенді қатысып жатыр. Күрделі жағдайға байланысты Yessenov University-де профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттерінен еріктілер штабы құрылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

    Есенов университетінің еріктілері жерлестеріміздің жағдайына бей-жай қарамай, қажетті керек-жарақтарды жинап жатыр, ал профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріміз бірлесе отыра бір күндік табыстарын су тасқынынан зардап шеккендерге арнайы көмек Қорына жіберген болатын.

    7 сәуірде Yessenov University еріктілері Атырау облысынан көшірілген тұрғындарды 3Б шағын ауданда орналасқан университет жатақханасына орналастыруды бастады. Сонымен қатар, олар эвакуацияланған тұрғындарды ыстық тамақпен, дәрі-дәрмектермен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті.

    «Төрт қабатты жатақханамыздың әр бөлмесінде төсек-орын, жуынатын бөлме және басқа да қажетті заттар қарастырылған. Жатақхананың бірінші қабатында кең ас үй бар. Еріктілеріміз киіз үй тігіп, келген балаларға ойын алаңын жасап, тамақ жағынан қамтамасыз етуге көмектесіп жатыр», - деді Есенов университетінің қызметкері Алибек Нысанов.

    Қазіргі уақытта жатақханада 200-ге жуық адам орналасты, оның 78-і балалар.

Фото: gov.kz

229 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз