Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 11 Сәуір, 2024

Жаңа отқа төзімді материал қазақстандық өндіріске енгізілетін болады

Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы қызметінің негізгі басымдықтарының бірі өндірісшілердің сұраныстары мен қажеттіліктеріне қарай бағыттау болып табылады. Бұл бағытта жоғары температуралы материалдарды жасауға маманданған, Астаналық филиал жетекші орын алады. Бұл кәсіпорынның ғалымдары мен қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске енгізу сала мамандары үшін ең басты жетістік, - деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

 

 Бір кездері Астаналық филиал «Ғылым қоры» АҚ байқауында жеңіске жетіп, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға грант ұтып алды. Жобаны орындау нәтижесі домналық өндірісте пайдалану үшін отқа төзімді материалдың жаңа құрамының тәжірибелік партиясын әзірлеу және шығару болды. «Beck u.Kaltheuner» ЖШС компаниясы Астаналық филиал қызметкерлерінің қатысуымен және олардың тарапынан шегендену технологиясының сақталуына авторлық бақылау жасау, арнайы әзірленген отқа төзімді материалды пайдалана отырып, ДП2 Домна пешінің басты науасының жұмыс қабатына шегендеу монтаждарын орындады. Науа пайдалануға дайын.

 

Ғалымдар өз табыстарына күмәнсіз. Жұмысқа жауапкершілікпен қарау және отқа төзімді заттар сапасының жоғары болуының кепілдігі Қазақстанның жетекші металлургиялық кәсіпорындарымен көпжылдық жемісті ынтымақтастығы: «Qarmet» АҚ (Теміртау қ.), «Kazakhmys Smelting» ЖШС, Жезқазған мыс балқыту зауыты (Жезқазған қ.); «Казцинк» ЖШС (Өскемен қ.).

Фото: gov.kz

 

358 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз