Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Сәуір, 2024

Театрлар мен музейлер тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстандағы театрлар мен музейлер тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Қазақстан аймақтарында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр. Елдің мәдени ошақтары да бұл  игі істен тыс қалмады.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының қызметкерлері Атырау облысына гуманитарлық жүк жіберді.

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры, республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры, «Жастар» театры, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымдары бір күндік табысын қайырымдылық қорларға аударды.

«Астана Опера» театры жеке гигиена құралдары мен азық-түлік жинап, Астана қаласындағы қабылдау  пункттеріне тапсырып, ортақ іске үлес қосты.

Бірнеше шығармашылық ұжым концерттен түскен қаражатты «Biz birgemiz Qazaqstan» қорына аударуды жоспарлап отыр. Олардың қатарында ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры және басқалары бар.

172 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз