- Құмсағат
- 11 Сәуір, 2024
Михаил Кукушкин Мадрид турнирінің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық, әлемнің 143-ракеткасы Михаил Кукушкин Мадрид челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген тәжірибелі спортшы екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 182-орында тұрған германиялық Рудольф Моллекердің мысын басты.
Бірінші партияда Р.Моллекер тай-брейкте 7:6 (7:1) есебімен басым түскенімен, М.Кукушкин дер кезінде жиналып, камбэк жасай алды – 6:1, 6:1.
Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 6 эйспен бірге 18 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Моллекер 9 эйспен шектелді.
Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін испаниялықтар, әлемнің 105-ракеткасы Альберт Рамос немесе рейтингіде 218-сатыдағы Ориоль Рока Батальяның біреуімен таласады.
Қазақстандық спортшы ATP Live рейтингісінде 132-орынға көтеріліп тұр.

814 рет
көрсетілді0
пікір