- Аймақ тынысы
- 12 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысында 80 адам эвакуацияланды
Ақтөбе облысында 80 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.
Осы сағаттарда Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Сырлыбайұлы Жүнісовтың басшылығымен құтқарушылар эвакуациялық жұмыстарды аяқтады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағында құтқарушылар Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады.
Эвакуацияланған тұрғындар Ырғыз ауданындағы Т. Жүргенов атындағы мектепке жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамыр елді мекенін су басу қаупі туындады.
709 рет
көрсетілді0
пікір