Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Сәуір, 2024

Алматыда студенттік экожобалардың тұсауы кесілді

Алматыда студенттік экожобалардың тұсауы кесілді.

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Бостандық ауданының комьюнити орталығында «Печа-Куча» форматында белсенді жастардың кездесуі өтіп, маңызды экологиялық мәселелер талқыланды.

Кездесуде жастар экологияны жақсартуға бағытталған жобасын ұсынды, сондай-ақ идеясы мен пікірін бөлісті. Іс-шараға қаламыздың 11 ЖОО студенттері қатысып, 11 экожобаны ұсынды. Олардың арасында қатты қалдықтарды қайта өңдеуге, тамақ қалдықтарын биотыңайтқышқа айналдыруға, қайта өңделген пластик қалдықтарынан тұрмыстық заттарды өндіруге, көшет отырғызу мен жануарларды қорғауға қатысты жобалар болды.

Іс-шара жастар арасында экологиялық сананы арттыруға және экологиялық бастамаларды дамытуға бағытталған.

Айта кету керек, бұл іс-шара Алматының Медеу және Алатау аудандарының комьюнити орталықтарында да өтті.

8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.

292 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз