Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Сәуір, 2024

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1993 жылы Ленин комсомолы атындағы екі мәрте Қызыл Тулы Рязань жоғары десанттық командалық училищесін, 2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, 2013 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.

Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Президентінің Күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және ҚР ІІМ қатарында қызмет еткен.

2024 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы.

357 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз