- Айна
- 15 Сәуір, 2024
Арал өңірі экожүйелерін зерттейтін халықаралық орталық ашылды
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығының ашылу салтанаты өтті.
Орталықтың ашылу салтанатына Адам Мицкевич университеті, Польшаның лимнологиялық қоғамының президенті Петр Климашик, Чэнду қаласындағы (ҚХР) Оңтүстік-Батыс университетінің «Қоршаған орта инженериясы» институтының профессоры Жао Цзяоян, осы университеттің профессоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы Сергей Кривоногов қатысты.
Арал өңірінің экожүйелерін зерттеу жөніндегі орталықтың ашылуы тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, су маңы және жер үсті экожүйелерінің табиғи қалпына келу процестерін ашуға септігін тигізеді.
Қоғамның экологиялық білімін дамытуда, биологиялық әртүрлілікті сақтау, Арал өңірі халқының денсаулығын жақсарту, сондай-ақ, географиялық, экологиялық бағытта білім беру бағдарламалары мен білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды мақсат етеді.
207 рет
көрсетілді0
пікір