Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Сәуір, 2024

Бессайыстан АЧ: Қазақстанның қоржыны үш жүлдемен толықты

Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстан Оңтүстік Кореяның астанасы - Сеулде  өтіп жатқан Азия чемпионатында 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.

Бұл додада Қазақстан ерлер құрамасы 4 450 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Ел намысын Темірлан Әбдірайымов, Темірхан Сәбденбек, Павел Чередов, Никита Живица қорғады. Осы сында алтын медальді Оңтүстік Кореяның командасы иеленді. Үшінші орынды Қытай спортшылары алды.

Сонымен қатар ерлер арасындағы бәсекеде Темірлан Әбдірайымов жекелей сында 1 500 ұпаймен қола жүлдені алса, еліміздің әйелдер құрамасына  (3704 ұпай) үшінші орын бұйырды.

Бұл жарысқа ересектер арасында 63 (ерлер – 34, әйелдер – 29) үздік спортшы қатысып жатыр.

391 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз