Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Сәуір, 2024

«Киелі Мекен» экологиялық акциясы бастау алды

Аталмыш акция Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының аясында, табиғатты қорғау және тарихи-мәдени ескерткіштер мен аумақты тазарту мақсатында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтың бастамасымен қолға алынды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлайды.

Экологиялық акция қоршаған табиғат пен көне дәуір рухы үйлесім тапқан Алматы облысындағы киелі орын - «Тамғалы тас» археологиялық кешенінің аумағын тазартудан басталды.

Сондай-ақ, акция шеңберінде Жамбыл Жабаев мұражай-кешені, «Таңбалы» қорық мұражайы, «Жаңа» мемориалдық құрбандар кешені, «Талғар қалашығы», Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Қарасай және Өтеген батыр ескерткіштерінің маңайы аббаттандырылды.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған шараны, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да қолдап, науқанға барша жұртты қатысуға шақырған болатын.

Жалпы шараға, Алматы облысы«Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ қызметкерлері мен облыстық ҚХА мүшелері, Аналар және Ақсақалдар кеңесінің Төрағалары және этномәдени орталықтардың жетекшілері қатысты.

Айта кетейік, экологиялық акцияның өтуіне жалпы саны 500-ге жуық адам ат салысты.

Фото: gov.kz

104 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз