Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Сәуір, 2024

Аманаттықтар су басқан аймаққа гуманитарлық көмек жөнелтті

Павлодар облысының тұрғындары су тасқынына тап болған Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласына 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті, - деп хабарлайды "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі.
Аталған көмекті жинауға кезекте барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы, кәсіпкерлер және өңір тұрғындары атсалысты.
Партияның «Жастар Рухы» жастар қанаты және облыстық жастар бастамалары орталығының волонтерлері мен белсенділері жүкті тиеу, сұрыптау жұмысына өз үлесін қосты.
Көмек ретінде бірінші кезекте қажетті заттар, көрпе-төсектер, ауыз су, бір реттік ыдыс-аяқ, азық-түлік, күректер, сорғылар және тағы басқа заттар жиналды.

400 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз